Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Райли Уолш «Барыс» сапынан кетті

Райли Уолш «Барыс» сапынан кетті

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» хоккей клубы мен Райли Уолш арасындағы келісімшарт ойыншының бастамасымен бұзылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Америкалық қорғаушыға қатысты ҚХЛ-дегі спорттық құқықтар астаналық клубтың иелігінде сақталады.

– Райли Уолш Солтүстік Америкадан жақсы ұсыныс алды, сондықтан біз оның өтінішіне түсіністікпен қарауды жөн көрдік. «Барыста» біз әрқашан ойыншыларға адамгершілік тұрғысынан қарауға тырысамыз. Қорғаушыны күштеп ұстап қалу дұрыс болмас еді. Райли біздің команда сапында сәтті маусым өткізді, енді «Барыстан» кейін оның мансабын басқа деңгейде жалғастыруға мүмкіндігі бар. Оның кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз. ҚХЛ-дегі спорттық құқықтары клубымызда қалады. Оған алдағы мансабында сәттілік тілейміз, - деп мәлім етті «Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Батырлан Мұратовпен келісімшартқа қол қойды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан