2 сағат бұрын
Владислав Нурек енді «Барыс» сапында ойнайды
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» пен «Горняк» клубтары арасындағы ойыншылармен алмасу нәтижесінде елордалық клуб жүйесіне қазақстандық қақпашы Владислав Нурек қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол «Барыспен» 2028 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімге, екі маусымға арналған екіжақты келісімшартқа қол қойды. Ал кері бағытта Рудный қаласының командасына қақпашы Владимир Никитин ауысты. Сонымен қатар «Горняк» ақшалай өтемақы алды.
Владислав Нурек кәсіби мансабының басым бөлігін «Горняк» сапында өткізді. Өткен маусым оның негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша ең үздік маусымы болды. Pro Ligasy тұрақты чемпионатында қақпашы бір ойында орта есеппен 2,66 шайба жіберіп, соққылардың 92%-ын қайтарды. Оның қатысуымен команда 19 жеңіске жетті.
Сондай-ақ Владислав жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған. Биыл мамыр айында Нурек алғаш рет бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына қатысқан ұлттық құраманың өтініміне енгізілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккей клубы мен Райли Уолш арасындағы келісімшарт ойыншының бастамасымен бұзылды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан