Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

АҚШ қорғаушысы «Барыс» сапына қосылады

АҚШ қорғаушысы «Барыс» сапына қосылады

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» америкалық қорғаушы Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.

Қорғаушы кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Американың хоккей лигаларында өткізді. 2024 жыл Приски «Херши Беарс» сапында Колдер кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы алғанда, АХЛ-да 349 матчқа қатысып, 54 шайба соғып, 130 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда Чейз Новосібірдің «Сібір» клубының намысын қорғады. Плей-офф кезеңін қоса есептегенде, 54 матчта 24 (4+20) ұпай жинап, мұз айдынында орта есеппен 22 минут өткізді.

- Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойғанымызға қуаныштымыз. Ол оң қолмен ойнайтын, шабуылға белсенді қосылатын, соққысы өте мықты әрі хоккейлік ойлау қабілеті жоғары қорғаушы. Чейз лиганың ерекшеліктерін жақсы біледі, шабуылды тиімді қолдай алады және ойынымызға артық құрамда сенімділік пен тактикалық мүмкіндіктерді арттыра түседі, - деді «Барыстың» бас менеджері Леонид Метальников.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» пен «Горняк» клубтары арасындағы ойыншылармен алмасу нәтижесінде елордалық клуб жүйесіне қазақстандық қақпашы Владислав Нурек қосылды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан