Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстандық шабуылшылар «Барыс» жүйесіне қайта оралды

Қазақстандық шабуылшылар «Барыс» жүйесіне қайта оралды

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» қазақстандық шабуылшылар Абзал Әлібек және Асанәлі Сәркеновпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екіжақты келісімдер бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

«Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері соңғы екі жылда Солтүстік Америка лигаларында ойнады. Абзал Әлібек өткен маусымда NAHL лигасындағы «Филадельфия Ребелс» сапында 46 матч өткізіп, 32 (12+20) ұпай жинады. Асанәлі Сәркенов WHL лигасында «Спокан Чифс» клубының намысын қорғап, плей-оффты қоса есептегенде 46 кездесуде 14 (6+8) ұпай еншіледі.

«Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников:

- Абзал мен Асанәлінің біздің клубтың жүйесіне қайта оралғанына қуаныштымыз. Екіжақты келісімшарттар оларға өздерін көрсетуге, негізгі құрамдағы орын үшін күресуге және резервіміздің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Олар бапкерлер штабының талаптарына тез бейімделіп, жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп сенеміз. Жігіттерден бар күш-жігерін салып, кәсіби тұрғыда өседі деп күтеміз.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан хоккейінің аңызы Роман Старченко ойыншылық мансабын аяқтағанын жариялады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан