Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14 сағат бұрын

Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы қашан басталады?

Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы қашан басталады?

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогінің топтық құрамы мен матчтар күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл беделді жүлде үшін 10 команда бақ сынайды. Өткен маусымның рейтингіне сәйкес олар екі топқа бөлінді.

Өскеменде өтетін А тобында елдің қазіргі чемпионы – Астананың «Номад» командасы, жергілікті «Торпедо», Көкшетаудың «Арлан», «Алматы» және «Ақтөбе» командалары өнер көрсетеді.

Матчтары Қарағандыда өтетін В тобына «Сарыарқа», Петропавлдың «Құлагер», Рудныйдың «Горняк», Атыраудың «Бейбарыс» және Павлодардың «Ертіс» командалары енді.

Алдын ала кезеңнің кездесулері 14–19 тамыз аралығында өтеді. Одан кейін плей-офф кезеңінде жартылай финалдар ұйымдастырылады (топ жеңімпаздары параллель топта екінші орын алған командалармен кездеседі) және финалдық матч өтеді. Шешуші ойындар 22–23 тамыз күндері Қарағандыда ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кубогінің қазіргі иегері – «Торпедо» командасы.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» жаңа маусымға арналған жаттықтырушылар штабын бекітті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан