Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

«Барыс» Ресейдегі турнирге қатысады

«Барыс» Ресейдегі турнирге қатысады

Фото: «Барыс» хоккей клубы

2026 жыл 17-20 тамыз аралығында Ресейдің Уфа қаласында маусым алдындағы «Башқұртстан Республикасы Кубогы» турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылатын жарысқа алаң иесі «Салават Юлаевпен» қатар Хабаровскінің «Амуры», Тольяттидің «Ладасы» және Астананың «Барысы» қатысады.

«Барыстың» Қазақстан уақытымен өтетін матчтарының кестесі:

17 тамыз, 19:00 «Салават Юлаев» – «Барыс».

18 тамыз, 15:00 «Барыс» – «Амур».

20 тамыз, 13:00 «Лада» – «Барыс».

Алғашқы оқу-жаттығу жиынына екіжақты келісімшарты бар ойыншылар қосылды. Олардың қатарында қақпашы Владислав Нурек, қорғаушылар Бейбарыс Оразов, Артём Королёв пен Кирилл Никитин, шабуылшылар Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Семён Симонов, Абзал Әлібек және Асанали Саркенов бар. Хоккейшілер жаттығу процесін бастап, мұз айдынындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

1 тамыздан бастап оларғдың қатарына біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады. Астаналық клуб 17-20 тамыз аралығында Ресейдің Уфа қаласында өтетін «Башқұртстан Республикасы кубогы» турниріне қатысады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан