5 сағат бұрын
Хантер Шепард «Барыс» сапында қанша алады?
«Барыс» сапына қосылған АҚШ қақпашысы Хантер Шепардтың астаналық клубпен келісімшартының қаржылық шарты белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ресейлік журналист Михаил Зислис мәлім етті.
«Шепардтың жалақысы 40 миллион рубльді құрайды және ол белгілі бір жетістіктер үшін бонус ретінде тағы 10 миллион алады» , - деп жазды Зислис.
Біржақты келісім бір маусымға, яғни 2027 жылдың 31 мамырына дейін жасалды.
Қақпашы кәсіби мансабының басым бөлігін «Вашингтон» клубының жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында ол екі мәрте Колдер кубогын жеңіп алды. Ал 2023 жылы АХЛ плей-оффының ең үздік ойыншысы атанды. Өткен маусымда Хантер Ұлттық хоккей лигасында «Оттава» сапында бір матч өткізіп, кейін «Беллвилл Сенаторз» және «Лаваль Рокет» клубтарында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан