17 сағат бұрын
Никита Бояркин мансабын ресейлік клубта жалғастырады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы Никита Бояркин мансабын Ресейдің «Адмирал» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өткен ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 27 жастағы қазақстандық қақпашы 15 матчқа қатысып, соққылардың 90 пайызын қайтарды. Оның сенімділік коэффициенті 2,7 болды.
Еске салайық, 2025/2026 жылғы ҚХЛ маусымының қорытындысында «Барыс» 68 кездесуде 54 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы орын алды. Нәтижесінде елордалық клуб Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне өте алмады.
Біздің серіктес: Sport12kz