7 күн бұрын
ҚХЛ: «Барыстың» елордадағы ойындары қай уақытта басталады?
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасындағы елордада өтетін ойындары қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Астаналық ұжымның жұмыс күндеріне белгіленген матчтары Қазақстан уақытымен 19:30-да өтсе, демалыс күндерінде ол 17:00-де басталады.
Алдағы маусымда ұжымның бас бапкері қызметін Михаил Кравец атқарады. Оның көмекшісі болып отандық жанкүйерлерге жақсы таныс маман Талғат Жайлауов бекітілді.
Шабуылшылармен Александр Савченков, ал қорғаушылармен Евгений Королев жұмыс істейді. Қақпашыларды дайындау ісі Константин Барулинге сеніп тапсырылды.
Қазақстандық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін Ресейдің Уфа қаласындағы «Башқұртстан кубогы» турнирінің ойын кестесі белгілі болды.
Бұл турнир 17-20 тамыз аралығына жоспарланған. Айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылатын жарысқа алаң иесі «Салават Юлаев» және «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) және қазақстандық «Барыс» (Астана) қатысады.
Оған дейін оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтеді. Медициналық тексеруден кейін 15 шілдеден бастап қазақстандық хоккейшілер жаттығуға кірісті. 1 тамыздан бастап олардың қатарына шетелдік ойыншылар қосылады.
Астаналық клуб «Башқұртстан кубогы» турнирінен кейін Михаил Кравецтің шәкірттері сол елдің Санкт-Петербург қаласында жалауын көтеретін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды.
Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.
Қазақстандық команда жаңа маусымды елордадағы ойындар сериясымен бастайды. Олар ресейлік клубтармен қатарынан үш матч өткізеді.
Алдымен елордалық клуб 7 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездессе, одан кейін «Салават Юлаев» (Уфа) және «Амур» (Хабаровск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Алдағы маусымда Құрлықтық хоккей лигасына барлығы 22 команда қатысады. Олардың қатарында елордалық «Барыс» та бар. Командалар жылдағыдай Шығыс және Батыс конференциясына бөлінген.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы Никита Бояркин мансабын Ресейдің «Адмирал» командасында жалғастырады.
Біздің серіктес: Sport12kz