1 күн бұрын
«Барыс» алдағы төрт ойынға құрамын жариялады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы ойындар сериясына құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда «Лада», «Металлург», «Локомотив», «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен кездеседі.
Тольятти – Магнитогорск – Ярославль – Мәскеу бағыты бойынша аттанды.
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі:
16 қыркүйек, 20:00 «Лада» - «Барыс»
18 қыркүйек, 19:00 «Металлург» - «Барыс»
20 қыркүйек, 19:00 «Локомотив» - «Барыс»
22 қыркүйек, 21:30 «Динамо» (Мәскеу) - «Барыс».
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық команда елордада екі ойында жеңіске жетіп, біреуінде қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, ресейлік хоккей сарапшысы Михаил Зислис ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы «Амурға» (1:3) қарсы матчтан кейін астаналық «Барыстың» ойынына жоғары баға берді.
Біздің серіктес: Sport12kz