Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Уганда Уганда 1:1 Аяқталды Конго ДР Конго ДР УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Кипр Кипр 2:1 Аяқталды Латвия Латвия КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 0:2 Аяқталды Локомотив Локомотив УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Украина Украина 1:2 Аяқталды Венгрия Венгрия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Франция Франция 4:1 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия 0:0 Аяқталды Грузия Грузия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина 1:0 Аяқталды Польша Польша УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Румыния Румыния 0:1 Аяқталды Швеция Швеция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 0:0 Аяқталды Армения Армения УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 3:1 Аяқталды Түркия Түркия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 0:2 Аяқталды Гибралтар Гибралтар Шанхай мужчины Теннис Бернард Томич Бернард Томич 09:00 Бүгін Тимофей Скатов Тимофей Скатов Сучжоу женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 09:20 Бүгін Юшань Шао Юшань Шао Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Өзбекстан Өзбекстан Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Молдова U21 Молдова U21 19:00 Бүгін Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 19:00 Бүгін Фарерские аралдары Фарерские аралдары Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Үндістан Үндістан 19:00 Бүгін Уругвай Уругвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 21:00 Бүгін Нигерия Нигерия КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Северсталь Северсталь Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Иордания Иордания 22:00 Бүгін Венесуэла Венесуэла

6 сағат бұрын

Қазақстанда хоккейді дамыту мәселесі талқыланды

Қазақстанда хоккейді дамыту мәселесі талқыланды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Астанада Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) Республикалық конференциясы өтті. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, өңірлік филиалдар, хоккей клубтары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептері басшылары қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Конференция барысында Федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп қаралып, «Жетістікке жету жолындағы сегіз қадам» атты Қазақстан хоккейін 2032 жылға дейін дамыту стратегиясының басым міндеттерін іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Конференцияға қатысушылар есепті кезеңде қол жеткізілген негізгі тиімділік көрсеткіштерін егжей-тегжейлі талқылады.

Федерация аталған Стратегияның барлық бағыттары бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Стратегия өзара байланысты және маңыздылығы теңдей сегіз міндетті қамтиды.

Үш жыл ішінде Федерация жаттықтырушыларды даярлау және аттестаттау жүйесін қалыптастырып, олардың санын 20%-дан астамға – 303-тен 371-ге дейін арттырды, сондай-ақ хоккейді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді бірлесіп дамыту мақсатында Қазақ ұлттық спорт университетімен келісім жасасты.

Хоккеймен айналысатын балалар саны 3,6 мыңнан 9 мыңға дейін өсті, ал хоккей мектептерінің саны екі еседен астамға артты.

13 пен 17 жас аралығындағы жас санаттары үшін балалар жарыстарының жүйесін жетілдіру аясында плей-офф және плей-аут кезеңдері бар тұрақты чемпионат енгізілді.

Есепті кезеңдегі маңызды нәтижелердің бірі – Ұлттық құрамалар институтының құрылуы болды. Балалар-жасөспірімдер хоккейінен бастап ұлттық құрамалар деңгейіне дейін ойыншылар мен жаттықтырушылардың кәсіби өсуін жүйелі түрде сүйемелдеуге мүмкіндік беретін дайындық сабақтастығы қалыптастырылды.

Бұл жұмыстың маңызды бөлігі төрешілер корпусын дамыту болды. Есепті кезеңде Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) квоталары шеңберінде халықаралық өкілдігі бар қазақстандық төрешілер саны 9-дан 13 маманға дейін өсті, олардың ішінде үш әйел төреші бар.

Жергілікті атқарушы органдармен мұз нысандары жобаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс инфрақұрылымды кеңейту мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік беруде: республикадағы жабық мұз ареналарының саны 35%-дан астамға – 39-дан 53 нысанға дейін артты.

Қол жеткізілген көрсеткіштер Стратегияны іске асырудың келесі кезеңіне негіз болмақ.

Федерация құрылымындағы жаңа бағыт – пара хоккей. Қазақстан хоккей федерациясы бейімделген хоккейді жүйелі дамыту міндеттерін өз мойнына алады.

Ауқымды міндеттердің іске асырылуын Федерация басшылығының жаңартылған құрамы қамтамасыз етеді.

Өткен Конференция барысында басқару органдарына сайлау өткізіліп, ҚХФ Атқарушы комитетінің жаңа мүшелері сайланды. Қазақстанның ұлттық құрама командаларының 2026/27 маусымына арналған жаттықтырушылар құрамы бекітілді.

Еске салсақ, Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияға аттанады.


Біздің серіктес: Sport12kz