7 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» - «Авангард» кездесуіне билет түгелдей сатылды
Фото: hcbarys.kz
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турындағы «Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Авангард» (Омбы, Ресей) кездесуіне билеттер түгелдей сатылып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл кездесу 10 қазанда елордадағы «Барыс-аренада» Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
Елордалық стадион 12 000 жанкүйерге арналған. Кейінгі уақытта аренада 11 мың адам тұрақты түрде өз командасына қолдау білдіріп келеді.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 12 ойыннан кейін 14 ұпаймен он бірінші орында тұрса, «Авангард» 11 ойыннан кейін 11 ұпаймен он тоғызыншы орынға жайғасқан.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, Астанада Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) Республикалық конференциясы өтті. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, өңірлік филиалдар, хоккей клубтары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептері басшылары қатысты.
Біздің серіктес: Sport12kz