5 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» елордада «Авангард» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ертең, 10 қазанда елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізед, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 12 ойыннан кейін 14 ұпаймен он бірінші орында тұрса, «Авангард» 11 ойыннан кейін 11 ұпаймен он тоғызыншы орынға жайғасқан.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
Қазақстандық команда бұдан кейін үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 12 қазанда Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездессе, 14 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz