28.02.2025
Аслан Қаженов: Бүгін Астанада өтетін бокс кешінде Данияр Елеусіновке обал жасалды
Фото: Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасынан
Қазақстандық спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында All stars boxing проуметрлік компаниясы ұйымдастыруымен өтетін бүгінгі бокс кешінде Данияр Елесусіновке обал жасағанын атап өтті.
- Бүгін Астанада All stars boxing проуметрлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оның басты жекпе-жегінде Данияр Елесусінов өнер көрсетуі керек еді. Бірақ, ол шықпайды. Денсаулығына байланысты деген түсіндірме беріпті. Оған сеніңкіремей отырмын. Өйткені, лайықты қарсылас табылмады. Оны іздеді ме, жоқ па, тағы білмейміз. Кеше осы бокс кешіне қатысты баспасөз мәслихаты өтуі керек еді. Ол да болмады.
Осы тұрғыда менеджері Зия Әлиевке біраз сұрағым бар. Зия, жалпы не істеп жүрсіңдер? Данияр қатыспайтын болса, жарнамада неге оны пайдаландыңдар? Шыны керек, осы кешке баратындардың барлығы Даниярды көргісі келеді. Сол үшін билет алды. Енді екі күн қалғанда Данияр шықпайды деу ұят емес пе? Жалпы кәсіпқой бокстағы мансабын быт-шыт қылдыңдар ғой. Дұрыс қарсылас жоқ. Жөнді жекпе-жек жоқ. Үнемі бітпейтін дау, әйтеуір. Дәкең моральдық тұрғыда өшті ғой. Оған неге сонша обал қылдыңдар? Нақты не жоспар? Не тірлік? Анау-мынау деп айналшықтамай, жігітше жауап бере аласың ба, - деді ол.
Айта кетсек, жарысты ұымдастырушылар Данияр Елеусінов пен Қуат Хамитов аталған турнирге қатыспайтыны жөнінде хабарлама таратты. Бұл жағдайды ұйымдастырушылар Даниярдың денсаулық жағдайына байланысты турнирге қатыса алмайтынын айтса, промоушенге байланысты емес себептерге орай Қуат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек өтпейтінін хабарлады.
Енді кештің басты оқиғасы WBC Silver белбеуі үшін өтетін Али Ахмедов пен Мацей Сулецки арасындағы айқас болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан