Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.

9-12 маусым күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді.

Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін дәстүрлі додаға Аустралия, Қытайлық Тайпей, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Америка Құрама Штаттары, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған. Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.

Азия кубогі жасөспірім спортшылар үшін Дакарда өтетін жөспірімдер Олимпиадасы алдындағы маңызды жарыс алаңы болмақ.

Еске салсақ, 2027 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан