2 күн бұрын
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында әлем кубогында күміс алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Чехия астанасы - Прагада дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан (100 келіден жоғары) кубокта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда әзірбайжан дзюдошысы Рамазан Ахмадовқа есе жіберді.
Ал әлем кубогында ересектер арасында 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық қос балуан алтын және күмісті өзара бөлісті. Финалда Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетсе, оған еес жіберген Жантілек Нұртілекұлы күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов (60 келі) шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді финалда уақытынан бұрын таза жеңіспен ұтты.
Дәл осы салмақта Нұрәділ Әлжан ел қоржынына қола жүлде салды. Жұбаныш финалында ол тағы бір командаласы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.
Чехия астанасы Прагада өткен халықаралық додаға әлемнің 33 елінен 455 жас дзюдошы қатысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан