22 сағат бұрын
Алматы облысында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Алматы облысында өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынына 30 елден 711 дзюдошы тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мұндай ауқымды халықаралық жаттығу жиыны тек Қазақстан емес, Орталық Азия аймағында тұңғыш рет өткелі отыр.
5–15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы бас қосады.
Қатысушылар қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және өзге де әлемнің үздік дзюдошылары оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды.
Біздің серіктес: Sport12kz