1 күн бұрын
Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты Лозаннада өтеді
Фото: ijf.org
Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы ресми келісімге Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam сериясының турнирі кезінде қол қойылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осылайша Лозаннаға 55 жылдан кейін әлем чемпионаты қайта оралатын болды. Бұған дейін Швейцарияның бұл қаласы 1973 жылы беделді бәсекені өткізген еді.
Турнир 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары алдындағы маусымда өтеді. Сондықтан әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирі болады.
Айта кетейік, әлемдік біріншілікті 2027 жылы Қазақстан қабылдайды. Жарыс Астанада өтеді және 2028 жылғы ойында іріктеу ойындарының қатарына енеді.
Еске салсақ, Орал қаласында дзюдо жаттықтырушыларына арналған республикалық семинар өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр өңірінен келген бапкерлер қатысуда.
Біздің серіктес: Sport12kz