3 күн бұрын
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Жапонияға аттанды
Фото: Қазақстан ҰОК
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Жапонияға жол тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел құрамасы Токиода дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп, шеберліктерін шыңдайды. Одан кейін команда Азия ойындарында ел намысын қорғау үшін Нагояға аттанады.
Азия ойындарында ел құрамасынан ерлерде Айдар Арапов, Бақытжан Абдурахманов, Ғұсман Қырғызбаев, Елдос Сметов, Ерасыл Қажыбаев, Әділет Алмат, Марат Байқамуров бақ сынаса, әйелдерде Әбиба Әбужақынова, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Екатерина Токарева, Меруерт Сәрсенова, Эсмигуль Куюлова ел намысын қорғайды.
Айта кетсек, Өзбекстан дзюдо федерациясы Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz