28.02.2025
Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Тұранға» ауысты
Фото: видеодан скриншот
Абылайхан Жұмабек «Тұран» ойыншысы атанды.
Абылайхан — Тараз футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында «Тараз», «Ақтөбе» және «Жетісу» сынды командаларда ойнаған.
21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасында 7 матчта алаңға шығып, 3 гол соққан. Сондай-ақ, ұлттық құрама жейдесінде 2 ойын өткізген.
23 жасар шабуылшы клубтық деңгейдегі жалпы саны 88 ойында 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Еске салсақ, түркістандық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 1-туры аясында өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды. Аталған ойын 2 наурыз, сағат 16:00-ге жоспарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи