Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18.07.2026

Қазақстанда қанша адам бұқаралық спортпен айналысады?

Қазақстанда қанша адам бұқаралық спортпен айналысады?

Фото: egemen.kz

Қазіргі таңда елімізде халықтың 44,5%-ы дене шынықтырумен айналысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Балалар мен жасөспірімдердің 34,6%-ы тұрақты түрде спортпен шұғылданады. 4 пен 17 жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады. Осы мақсатқа жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі арқылы 50 млрд теңге бағытталған. Бұдан бөлек, 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мың жас спортшы жаттығады.

Президент тапсырмасы бойынша жаттықтырушылық қызмет, спорттық медицина, спорттық аналитика және менеджмент салалары үшін мамандар даярлайтын Қазақ ұлттық спорт университеті жұмысын бастады. Еліміз бойынша 26,5 мың спорт нысаны жұмыс істейді. Биылдың өзінде 34 жаңа нысан пайдалануға берілді, оның 21-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жыл соңына дейін тағы 87 нысанның құрылысы аяқталады.

Бұқаралық спорт халықаралық аренадағы жоғары жетістіктердің берік негізін қалыптастыруда. XXV Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан тарихи алғашқы алтын медальді жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 19-орынға ие болды. XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы паралимпиадалық спорт түрлері – биатлон мен шаңғы жарысынан алтын және қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында жеңіске жетті, стенд атудан Әлем кубогында әлемдік рекорд қайталанды, ал қазақстандық шахматшы Norway Chess Women 2026 беделді супертурнирінің жеңімпазы атанды. Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 11 әлем чемпионаты мен 26 Азия чемпионатында барлығы 152 медаль жеңіп алды: 99 алтын, 33 күміс және 20 қола медаль. Сонымен қатар Қазақстан семсерлесу, стенд ату және бочча спорт түрлерінен Әлем кубоктарын, IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA халықаралық турнирін және дзюдодан Grand Slam кезеңдерін жоғары деңгейде өткізді.

Еске салсақ, Қазақстанда спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан