Матч орталығы
Челленджер Фантхьет 4 Теннис Юрий Джавакян Юрий Джавакян 1:2 Аяқталды Григорий Ломакин Григорий Ломакин Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 0:0 48 Вулверхэмптон Вулверхэмптон Кубок шотландской лиги Футбол Рейнджерс Рейнджерс 1:0 50 Селтик Селтик Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 2:0 Үзіліс Оқжетпес Оқжетпес Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 0:0 8 Алтай Алтай Ла Лига Футбол Сельта Сельта 0:0 5 Малага Малага Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 18:00 Бүгін Брайтон Брайтон Лига 1 Футбол Лилль Лилль 18:00 Бүгін Труа Труа Серия А Футбол Лечче Лечче 18:00 Бүгін Монца Монца Калдаш-да-Раинья женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 18:20 Бүгін Малаика Раполу Малаика Раполу Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 18:30 Бүгін Гамбург Гамбург Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 19:00 Бүгін Тобыл Тобыл Ла Лига Футбол Леванте Леванте 19:15 Бүгін Барселона Барселона Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 20:15 Бүгін Ланс Ланс Премьер-лига Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 20:30 Бүгін Манчестер Сити Манчестер Сити Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 20:30 Бүгін Бавария Бавария Серия А Футбол Наполи Наполи 21:00 Бүгін Болонья Болонья Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 21:30 Бүгін Депортиво Депортиво Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 22:00 Бүгін Коджаэлиспор Коджаэлиспор Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 22:00 Бүгін Жил Висенте Жил Висенте

08.08.2026

«Болашақ ойындары 2026»: Ербол Мырзабосынов фиджитал-футбол жарысына қатысты

«Болашақ ойындары 2026»: Ербол Мырзабосынов фиджитал-футбол жарысына қатысты

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі аясындағы фиджитал-футбол жарысын тамашалап, қазақстандық командаларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еске салайық, Қазақстанда әлемнің 50 елінен 800 спортшының басын қосқан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің атынан барлық сегіз спорттық бағыт бойынша 11 команда қатысуда.

Жарысты тамашалау барысында министр «Болашақ ойындары 2026» турнирін өткізудің еліміз үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл турнирдің өтуінің мәні ерекше. «Болашақ ойындары» спорт пен заманауи технологияларды біріктіріп, еліміздің инновациялық даму бағытын айқын көрсетеді.

Турнирге әлем бойынша қызығушылық артып келеді. Бүгінде трансляцияларды көру саны 185 миллионға жетті. Жарыстар 16 тілде көрсетіліп, ондаған халықаралық медиасеріктес пен 100-ден астам стример ақпарат таратуда. Бұл турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырушы ел ретіндегі беделін нығайта түседі.

Турнирдің өтуіне үлес қосып жатқан спортшылар мен волонтерлерге алғысымды білдіремін. Командаларымызға сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулерін тілеймін», – деді Ербол Мырзабосынов.

Еске салсақ, Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің алғашқы төрт күніндегі трансляциялар 85 миллионнан астам қаралым жинады.



Біздің серіктес: Sport12kz