Матч орталығы
Челленджер Форт-Уэрт Теннис Габриэль Дебру Габриэль Дебру 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Еуролига Баскетбол Партизан Партизан 85:82 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 16:00 Бүгін Катажина Кава Катажина Кава КХЛ Хоккей Трактор Трактор 19:00 Бүгін Ак Барс Ак Барс Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 19:30 Бүгін Карен Хачанов Карен Хачанов Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 23:30 Бүгін Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 23:45 Бүгін Ницца Ницца А сериясы Футбол Торино Торино 23:45 Бүгін Монца Монца Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:00 Ертең Мидлсбро Мидлсбро Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 00:00 Ертең Малага Малага Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 00:45 Ертең Маритиму Маритиму Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Ертең Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Ертең Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Ертең Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Ертең Миллуолл Миллуолл Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Ертең Манчестер Сити Манчестер Сити Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Ертең Норвич Норвич Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Ертең Эльче Эльче

22.08.2026

Астанада қайырымдылық мақсатында жүгіруден жарыс өтеді

Астанада қайырымдылық мақсатында жүгіруден жарыс өтеді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің басшысы доктор Рашед Мустафа Сарвармен кездесті.

Кездесуде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, бұқаралық спортты насихаттау және спорттағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Қазақстан үшін балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Біз спортты болашақ спортшыларды тәрбиелеудің мүмкіндігі ретінде ғана қарастырмаймыз. Ең алдымен, бұл балалардың денсаулығы, тәртібі және әр балаға тең мүмкіндік беру», – деді министр.

Қазіргі таңда Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл тиісті жастағы балалардың 34,6 пайызын құрайды. Сонымен қатар елімізде 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда шамамен 400 мың бала спортпен шұғылданады.

Шарада Астанада 20 қыркүйекте өтетін «Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісіне дайындық барысы да сөз болды.

Жарыс Ботаникалық бақ аумағында ұйымдастырылады. Оған шамамен 1700 адам қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде 1500 ересек пен 200 бала бар. Қатысушылар 2, 5 және 10 шақырымдық қашықтықта жүгіретін болады.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі бірлесіп өткізеді.

«Мұндай іс-шара азаматтарды белсенді өмір салтына тартумен қатар, қоғамды маңызды әлеуметтік бастамалардың төңірегіне біріктіреді. Алдағы іс-шара елеулі оқиғаға айналып, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға өз үлесін қосатынына сенімдімін», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Іс шара соңында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат бұқаралық спортты дамыту, балалардың спортпен қауіпсіз айналысуына жағдай жасау, құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруды көздейді.


Біздің серіктес: Sport12kz