Матч орталығы
Челленджер Форт-Уэрт Теннис Габриэль Дебру Габриэль Дебру 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Еуролига Баскетбол Партизан Партизан 85:82 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 16:00 Бүгін Катажина Кава Катажина Кава КХЛ Хоккей Трактор Трактор 19:00 Бүгін Ак Барс Ак Барс Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 19:30 Бүгін Карен Хачанов Карен Хачанов Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 23:30 Бүгін Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 23:45 Бүгін Ницца Ницца А сериясы Футбол Торино Торино 23:45 Бүгін Монца Монца Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:00 Ертең Мидлсбро Мидлсбро Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 00:00 Ертең Малага Малага Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 00:45 Ертең Маритиму Маритиму Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Ертең Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Ертең Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Ертең Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Ертең Миллуолл Миллуолл Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Ертең Манчестер Сити Манчестер Сити Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Ертең Норвич Норвич Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Ертең Эльче Эльче

19.09.2026

Елімізде спорт жабдықтарына қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді

Елімізде спорт жабдықтарына қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді

vecteezy.com

Қазақстанда спорт және гимнастика жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптар бекітілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тиісті техникалық регламенттер дене шынықтыру және спортпен айналысуға қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ спорт инфрақұрылымының сапасын арттыруға бағытталған. Құжаттарды Туризм және спорт министрлігі бекітті.

Жаңа талаптар спорт жабдықтарын жобалау мен өндіруден бастап, монтаждау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жаратуға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Бұл спорт нысандарындағы жабдықтардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Талаптар футбол, шағын футбол, гандбол және шайбалы хоккей қақпаларына, сондай-ақ батут, қоссырық, бөрене, керме, төсеніш, шығыршық, арқан, швед қабырғасы және басқа да спорт жабдықтарына қолданылады.

«Қауіпсіздік – бұқаралық және кәсіби спортты дамытудың негізгі құрамдас бөлігі. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер тұрақты түрде жаттығатын спорт мектептері, секциялар мен дене шынықтыру нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды. Бүгінде біз спорт инфрақұрылымын кеңейтіп, қауіпсіздікке қойылатын талаптарды да күшейтіп жатырмыз. Жаңа техникалық регламенттер спорт жабдықтарының сапасына, оларды орнату және пайдалану тәртібіне бірыңғай талаптар қалыптастырады. Бұл – Қазақстандағы спорт инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіріп, спортшылар мен дене шынықтырумен айналысатын барлық азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау бағытындағы маңызды қадам», – деді Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сергазин.

Жаңа талаптар спорт жабдықтарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырып, оларды жобалау, өндіру, орнату және пайдалану кезінде бірыңғай тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Техникалық регламенттер Сауда және интеграция министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен келісілді.


Біздің серіктес: Sport12kz