Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 1:3 Аяқталды Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 1:2 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 2:2 Аяқталды Славия Славия Ұлттық лига Хоккей Клотен Клотен 4:3 Аяқталды Лозанна Лозанна Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 2:5 Аяқталды Лугано Лугано Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 1:0 Аяқталды Неом Неом Футзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі Футзал Испания Испания 3:1 Аяқталды Финляндия Финляндия Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Наполи Наполи 4:3 Аяқталды Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 1:1 Аяқталды Атлетико Атлетико Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 4:2 Аяқталды Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 0:1 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 4:3 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 12:40 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 14:30 Бүгін Барыс Барыс Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 19:30 Бүгін Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Тейлор Фриц Тейлор Фриц КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА

7 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов елордадағы TANYM SPORT кешенінің жұмысымен танысты

Ербол Мырзабосынов елордадағы TANYM SPORT кешенінің жұмысымен танысты

Фото: ҚР Туризс және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы TANYM SPORT көпфункционалды спорт кешеніне барып, нысанның жұмысымен танысты, деп хабаралйды Sport12.kz.

Жаңа нысан балалардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Іс-шараға дзюдодан әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай сынды танымал спортшылар да қатысты.

Заманауи кешенде спорт залы, бассейн, концерт залы, оқу кабинеттері мен коворкинг аймақтары бар. Сондай-ақ мұнда спорттық жаттығулардан бөлек, STEM технологиялары, техникалық және ғылыми шығармашылық, экологиялық-биологиялық бағыттар бойынша сабақтар ұйымдастырылады.

Кешен елорданың спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Қазіргі таңда республика бойынша 188 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін оның 53-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 68 нысанды ел игілігіне беру жоспарланған. Қалған нысандардың құрылысы келесі жылдары жалғасады. Спорт нысандарының құрылысы жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылуда.

Елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында алдыңғы жылдары да бірқатар жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2025 жылы республика бойынша 147 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның 107-сі ауылдық елді мекендерде, 40-ы қалаларда орналасқан. Ал 2024 жылы елімізде 90 спорт нысаны салынып, оның 61-і ауылдық жерлерде пайдалануға берілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ербол Мырзабосынов жүзуден әлем кубогі финалдық кезеңінің ашылу салтанатына қатысты.


Біздің серіктес: Sport12kz