Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы белгілі болды

Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық ММА жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өтетін IBA Nomad 15 турнирінде ресейлік Артем Тарасовқа қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz Nomadfighting-ке сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақтағы кездесу 4 шілде күні өтеді.

«Еркебұлан Тоқтар – Артем Тарасов | жартылай орта салмақтағы жекпе-жек.

IBA NOMAD 15 турниріндегі көптен күткен қарсыласу, онда файтерлер барлық мәселесін рингте шешпек.

Екі спортшы да көрермендерге тартысты айқас пен нағыз шоу сыйлауға дайын», – делінген ресми постерде.

Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 28 наурызда Ереванда өткен Hype Asia турнирінде өткізді. Ол ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өткен кездесуде қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулуға төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді.

Ал Артем Тарасов — спорт блогері әрі ММА жауынгері. Ол ТМД елдеріндегі поп-ММА индустриясының алғашқы өкілдерінің және басты тұлғаларының бірі ретінде танымал.

Конор Макгрегор Ресейде жекпе-жек өткізуі мүмкін


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан