5 сағат бұрын
Махачев пен Пратес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев 2027 жылғы 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында өтетін UFC 336 турниріне қатыспайды. Оның Карлос Пратеске қарсы жекпе-жегі қарастырылып жатқан жоқ, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бастапқыда ресейлік файтер турнирдің басты жекпе-жегіне қатысуы мүмкін үміткерлердің қатарында болған. Алайда қазір ұйым басқа нұсқаларды қарастырып жатыр. UFC президенті Дана Уайт блогер Нина Драмамен тікелей эфир кезінде бұл ақпаратқа қызығушылық танытқанымен, нақты мәліметтерді ашып айтпады.
Бұған дейін Махачевтің менеджері спортшының Карлос Пратеспен жекпе-жегі келісілді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.
Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін тамыз айында Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде өткізді. Ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады.
UFC 336 турнирі 2027 жылғы 30 қаңтарда Торонтодағы Scotiabank Arena аренасында өтеді. Әзірге ұйым кештің басты жекпе-жегіне қатысатын спортшыларды ресми түрде жариялаған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz