16.03.2025
Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
 
								Фото: UFC
Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 104 турнирінде жеңіліс тапты.
Бұған дейін жеңілістің кермек дәмін сезіп көрмеген Дияр Нұрғожай (10-0) бразилиялық Брендсон Рибейроға (16-7) 2-раундта қолды ауырту әдісімен есе жіберді. Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек алғашында үш раундқа жоспарланған еді.
Осылайша Брендсон Рибейро ММА-дегі 17-ші, UFC-дегі 3-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал отандасымыз Дияр мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
 
				
			
			 
		 
						 Азамат Бақи
Азамат Бақи