Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қытайда күрес түрлерінен бапкерлерге арналған арнайы шара өтеді

Қытайда күрес түрлерінен бапкерлерге арналған арнайы шара өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

7-16 шілде аралығында Қытайдың Гуанчжоу қаласында күрес түрлерінен Азия жастар оқу-жаттығу лагері және жаттықтырушыларға арналған білім беру курсы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іс-шара Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мен Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымдарының бастамасымен, Olympic Solidarity құрлықтық бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен бағдарламаға 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінен Азия чемпионы Ермек Самға, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері Арина Қуанышова және әйелдер күресінің жаттықтырушысы Меруерт Дынбаева қатысады.

Бағдарлама Азия елдерінің 17 жасқа дейінгі дарынды балуандары мен жас жаттықтырушыларының басын қосады. Тоғыз күн бойы спортшылар техникалық, тактикалық және дене дайындығын жетілдірсе, жаттықтырушылар жас балуандарды даярлаудың заманауи әдістемелеріне арналған арнайы оқу курсынан өтеді.

Лагерь аясында күресті ұзақ мерзімді дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу және жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ қатысушылар олимпиадалық құндылықтар, спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Safeguarding), допингке қарсы саясат, жарыс нәтижесіне заңсыз ықпал етудің алдын алу, психикалық саулық және спорттық тамақтану тақырыптарындағы білім беру сабақтарына қатысады.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды UWW ұйымының жетекші сарапшылары өткізеді. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ, әйелдер күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, төрешілік және жаттықтырушыларды даярлау саласының мамандары бар.

Бағдарлама қазақстандық спортшыларға халықаралық оқу-жаттығу ортасында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Ал жаттықтырушы жас балуандарды даярлаудың озық тәсілдерін меңгеріп, алған білімін ұлттық құрамамен жүргізілетін жұмыста пайдалана алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерация команда спортшыларына жаңа қайықтар табыстады.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан