2 сағат бұрын
Олимпиада чемпиондары Алматыда бас қосады
Алматыда «Sport Consulting Forum» қоғамдық бірлестігінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
2026 жылғы 29 сәуірде Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы базасында жаңа қоғамдық бірлестік — «Sport Consulting Forum» ұйымының таныстырылымы және құрылтай конференциясы өтеді.
«Sport Consulting Forum» қызметінің негізгі бағыттары:
* спорттағы дарынды балаларды ғылыми негізде анықтау;
* спортшыларды халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына дайындауды ғылыми сүйемелдеу;
* жаттықтырушылар мен спорт мамандарын даярлау жүйесін жетілдіру;
* ғылым, білім және спорт тәжірибесін интеграциялау.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, спорт қауымдастығы, сондай-ақ Қазақстанның даңқты спортшылары — Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады.
Құрметті қонақтар қатарында:
* Нелли Ким — бес дүркін Олимпиада чемпионы;
* Владимир Смирнов — шаңғы жарысынан Олимпиада чемпионы;
* Евгений Яровенко — футболдан Олимпиада чемпионы;
* Дмитрий Баландин — жүзуден Олимпиада чемпионы;
* Ислам Байрамуков — Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
* Ермахан Ибраимов — бокстан Олимпиада чемпионы;
* Ольга Шишигина — жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы.
Конференция аясында спортшыларды даярлаудың жаңа экожүйесін қалыптастыру туралы жарияланып, халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған ұзақмерзімді даму стратегиясы ұсынылады.
Басты мақсаттардың бірі — 2044 жылға қарай Қазақстанда әлемдік деңгейдегі спорттық білім мен ғылым орталығын қалыптастыру.
Қазақстан спортшылары 7 халықаралық жарыста ел намысын қорғайды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов