Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Асаубаева ФИДЕ рейтингінде ТОП-10 қатарына енді

Асаубаева ФИДЕ рейтингінде ТОП-10 қатарына енді

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингінде жетінші орынға көтерілді.

Кипрдің Пафос қаласында өткен турнирден кейін қазақстандық спортшы 11,2 рейтингтік ұпай қосып, екі саты жоғарылады. Қазіргі таңда оның көрсеткіші — 2527,2 ұпай. Ал алтыншы орында тұрған үндістандық Хампи Конеру небәрі жеті ұпай алда тұр.

Рейтинг көшбасында қытайлық шахматшылар орналасқан: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзюй Вэньцзюнь (2559,0).

Айта кетейік, Асаубаева Пафоста өткен 2026 жылғы үміткерлер турнирінде 8 ұпай жинап, екінші орын алды. Жеңіс үндістандық Рамешбабу Вайшали еншісінде болды (8,5 ұпай).

Қазақстандық шахматшы әлемнің үздік ондығындағы орнын нығайтып, жоғары нәтижелерін жалғастыруда.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан