9 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады
Фото: Қазақстан ҰОК
Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы бақ сынады.
Ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Елизавета Матвеева көрсетті. Ол биіктікке секіруден 180 см нәтижемен қола медаль жеңіп алды. Осы сында Надежда Дубовицкая 175 см көрсеткішпен тоғызыншы орынға тұрақтады.
Мария Ефремова үш қарғып секіруден 13,32 м нәтижемен бесінші орын иеленді. Сырықпен секіруден Полина Иванова да 4,10 м көрсеткішпен жарысты бесінші болып аяқтады.
Ал ұзындыққа секіруден сынға түскен Анастасия Рыпакова қорытынды хаттамада 12-орынға жайғасты (5,52 м).
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бір қола медальмен сегізінші орын алды. Көш басында Қытай құрамасы тұр (5 алтын, 4 күміс, 3 қола). Өзбекстан екінші орынға ие болса (2 алтын, 1 күміс), Қатар құрамасы үздік үштікті түйіндеді (1 алтын).
Еске салсақ, бұдан бұрын Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан