3 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден Испаниядағы Әлем кубогына қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
Спорттық құзға өрмелеуден Алькобендас қаласында (Испания) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз «жылдамдық» дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Ерлер арасында Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Анна Баларшина, Тамара Улжабаева, Арина Новицкая жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28-31 мамыр аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогына дайындығын бастады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан