Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Триатлоннан Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Триатлоннан Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігінде спортшылар үш жас санаты бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарысқа қатысушылар «суперспринт» дисциплинасында бақ сынап, ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүлделерді сарапқа салады.

World Triathlon халықаралық федерациясының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:

Ересектер: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.

Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.

U15: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.

Азия чемпионаты 13-14 маусым күндері өтеді.

Айта кетсек, Гонконгта өткен жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан