Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

Ильфат Абдуллин Словениядағы турнирдің жеңімпазы атанды 

Ильфат Абдуллин Словениядағы турнирдің жеңімпазы атанды 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Словенияның Камник қаласында өткен садақ атудан «Veronica’s Cup» халықаралық турнирінде ересектер санатында Қазақстан команда қос жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, классикалық садақ атудан ерлер арасындағы финалда Ильфат Абдуллин Үндістан спортшысы Сачин Гуптаны жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Ал құралмалы садақпен атудан командалық сында Қазақстан әйелдер командасы үздік үштікті түйіндеді. Ел намысын Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Адель Жексенбинова қорғады. Отандастарымыз кіші финалда Люксенбург ұжымынан басым түсті.

Айта кетейік, дәстүрлі бәсекеге биыл 30-ға жуық мемлекеттен 330-дан астам мерген қатысты. Кеше U18 және U21 жас санатында Қазақстан спортшылары бірнеше жүлдеге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте Италиядан кейінгі 2-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын триатлоннан Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан