2 күн бұрын
Нысана көздеу мен стенд атудан әлем чемпионатына кімдер барады?
Фото: Қазақстан ҰОК
Германияның Зуль қаласында нысана көздеу мен стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының атынан 26 спортшы бақ сынайды. Халықаралық федерация жариялаған тізімге төмендегі мергендер енді.
Нысана көздеу:
Томирис Аманова, Анастасия Григорьева, Ринат Казаченко, Дмитрий Ким, Алиса Краденова, Олег Носков, Алина Сатпаева, Малика Сейл, Даниил Смирнов, Кирилл Цуканов, Тамерлан Ердембек, Рамазан Ынтықбай, Асылым Жақия.
Стенд ату:
Асылхан Айсалбаев, Мадихан Байжанұлы, Лидия Башарова, Мария Горун, Виктор Горун, Элеонора Ибрагимова, Денис Кривенко, Милана Папчихина, Максим Почивалов, Артём Ревков, Эвелина Шек, Ангелина Сорокина, Данил Стрельцов.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16-26 маусым күндері өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Швейцарияның Ароза қаласында батут гимнастикасы бойынша әлем кубогына еліміздің атынан кімдер баратыны белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан