3 күн бұрын
Ескек есу шеберлері Мәскеудегі халықаралық жарыста алтын алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Ресей астанасы Мәскеуде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында бақ сынаған Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын иеленді. Бұл бағдарламада күміс және қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.
Сондай-ақ кеше ересектер арасында отандастарымыз Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, аталмыш додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.
Еске салсақ, бұдан бұрын Шорт-трек пен конькимен жүгіруден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан