Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

Азия чемпионатында байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан тағы 8 медаль алды

Азия чемпионатында байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан тағы 8 медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан командасы Түркістандағы байдарка мен каноэде ескек есуден юниорлар, U23 жас санаты мен параканоэден Азия чемпионатының 3-жарыс күнін тағы жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz

Таңғы сессияда спортшыларымыз 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленгенін жазғанбыз.

Ал күндізгі жарыс бөлігінде тағы 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалады. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:

Алтын

Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 200 метр)

Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 200 метр)

Тимофей Таранов, Даниил Коляда (байдарка жұптық, U18, 200 метр)

Егор Краснонос, Дмитрий Холмогоров (байдарка, U23, 500 метр)

Байдаркадан U18 жас ұлдар командасы (500 метр) Мадияр Қанекен, Алексей Ширман, Нұртілек Иман мен Никон Дергунов.

Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 500 метр)

Байдаркадан U18 Қазақстан қыздар командасы (500 метр) Эвелина Костенко, Анна Емельяненко, Анастасия Прибыткова, Кира Кальтенбергер.

Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 500 метр)

Қола

Каноэ, U18 жас Қазақстан ұлдар командасы (500 метр) Дәулет Шалдар, Руслан Федотов, Әділбек Исроилов пен Савелий Лыжин.

Владислав Руденко, Полат Төребеков (каноэ, U23, 500 метр)

Қола

Зоя Прядка, Злата Прядка (байдарка жұптық, U18, 200 метр)

Каноэден U18 Қазақстан қыздар командасы, 500 метр (Милана Абдубаева, Ксения Сломинская, София Гизенка, Ульяна Иванова)

Ертең, 7 маусым Азия чемпионатының шешуші жарыс күні. Түркістандағы құрлық бәсекесіне 15 елден 300-ге жуық ескек есу шебері жиналды.

Еске салсақ, бұдан бұрын байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 медаль алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан