Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан құраамсының садақ атудан әлем кубогындағы нәтижесі қандай?

Қазақстан құраамсының садақ атудан әлем кубогындағы нәтижесі қандай?

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық садақшылар Антальяда (Түркия) өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының кезеңіндегі жекелей жарыстарды аяқтады, деп хабарлайды Sport12.k.

Классикалық садақ атудан Дәулеткелді Жанбырбай 13-орынға ие болды. Медина Мұрат қорытынды хаттамада 43-орынға тұрақтаса, Ильфат Абдуллин 57-орын, Александра Землянова 70-орын, Самира Жұмағұлова 73-орын, Дастан Кәрімов 74-орын, Иван Берча 75-орын және Диана Тұрсынбек 81-орын алды.

Блокты садақ атудан ең жоғары нәтижені Диана Юнусова көрсетті. Ол жарысты 17-орынмен аяқтады. Мұса Ділмұхамет 23-орынға, Виктория Лян 27-орынға, Адель Жексенбинова 41-орынға, Роксана Юнусова 48-орынға ие болды. Ақбаралы Қарабаев 55-орын, Андрей Тютюн 56-орын және Бунед Мирзаметов 57-орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев аралас командалар арасындағы блокты садақ атудан жарыста алтыншы орын алған болатын.

Сондай-ақ блокты садақ атудан әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова жетінші орынды иеленсе, ерлер құрамасындағы Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн оныншы нәтиже көрсетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы бір жоғары нәтижеге қол жеткізді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан