3 сағат бұрын
Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық үш спортшы 1/8 финалға жетті
Фото: Қазақстан ҰОК
Бүгін, 19 маусымда Үндістанның Дели қаласында ересектер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Чемпионат бағдарламасын ерлер арасындағы қылыш және әйелдер арасындағы рапира сайыстары ашты.
Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені 1/8 финалға дейін жеткен үш спортшы көрсетті. Алайда олар бұл кезеңнен аса алмады.
София Актаева Оңтүстік Корея өкілі Мо Бёльге 4:15 есебімен жол берді. Артем Сарксисян ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Гонконг спортшысы Чан Лон Хей Ройстан 12:15 есебімен жеңілді. Ал Жанат Нәбиев қытайлық Шэнь Чэньпэннен 9:15 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.
Бақдәулет Құралбекұлы 1/32 финалда жарыс жолынан шықты. Назарбай Саттархан мен Алена Гноева 1/16 финалда тоқтаса, Алина Искандерова да өнерін 1/32 финал кезеңінде аяқтады.
20 маусым күні Азия чемпионатында ерлер арасындағы шпага және әйелдер арасындағы қылыш сайыстарында жүлдегерлер анықталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық төрт каратэші Азия чемпионатының алтынына таласатыны белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан