Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстанның екі гимнасты Азия чемпионаты финалына шықты

Қазақстанның екі гимнасты Азия чемпионаты финалына шықты

Фото: Қазақстан ҰОК

Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирдің шешуші кезеңіне Қазақстан құрамасының екі өкілі өтті.

Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бағдарламасында іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, финалға шықты.

Сондай-ақ Дияс Тойшыбек те финалға жолдама алды. Кермедегі жаттығуларда ол іріктеу жарысын алтыншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 254,194 ұпаймен Қытай иеленді. Жапония 248,795 ұпаймен екінші орын алса, Оңтүстік Корея 242,561 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Азия чемпионатының финалдық жарыстары 20 және 21 маусым күндері өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан Grand Slam-ның алғашқы күнінде жүлдесіз қалды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан