2 сағат бұрын
Трамплиннен шаңғымен секіруден ұлттық құрама Гран-при кезеңіне дайындығын бастады
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында трамплиннен шаңғымен секіруден Қазақстан Республикасының ұлттық командасының оқу-жаттығу жиыны өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еліміздің жетекші спортшыларымен қатар жиынға Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары да қатысуда. Олар үшін ұлттық команда мүшелерімен бірге жаттығу өткізу кәсіби шеберлікті арттырудың және халықаралық деңгейдегі жарыс тәжірибесін жинақтаудың маңызды кезеңі саналады.
Ұлттық команданыңбас бапкері Қайрат Биекеновтің айтуынша, оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты –К-90 және К-125 трамплиндерінде қажетті секіру көлемін орындау, ұшу техникасынжетілдіру және секіру элементтерін пысықтау.
«Әрбір жаттығу күні спортшылардың алдағы халықаралық жарыстарға жоғары дайындық деңгейінде баруын қамтамасыз етуге бағытталған», –дейді бас бапкер.
Жиынның маңызын халықаралық ынтымақтастық одан әрі арттыра түсуде. Қазақстандық спортшылармен бірге дайындық процесіне Әзербайжан өкілі мен Ресей құрамасының спортшылары да қатысуда.
Жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық сын спортшыларды 29-шілдеде күтеді. Польша мен Францияда өтетін трамплиннен шаңғымен секіруден жазғы Гран-при кезеңдерінде Қазақстан намысын ұлттық команданың көшбасшылары Данил Васильев пен Илья Мизерных қорғайды.
Халықаралық жарыстар аяқталғаннан кейін ұлттық команда келесі жарыстарға дайындықты жалғастыру үшін Щучинскідегі оқу-жаттығу базасына қайта оралуды жоспарлап отыр. Дайындық жұмыстары тек жақын арадағы жарыстарға ғана емес, сонымен қатар қазақстандық трамплиннен шаңғымен секіру спортын ұзақ мерзімді дамыту міндеттеріне де бағытталған.
Сонымен қатар жас спортшыларды даярлауға ерекше көңілбөлінуде. Бүгінде жас буыналдағы ірі халықаралық жарыстарға белсенді дайындық жүргізіп жатыр.
Олардың басты мақсаттарының қатарында 2027 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын мен 2028 жылғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел абыройын қорғау міндеттері бар. Аталған додада Қазақстан командасы сапында төрт спортшы өнер көрсетеді деп күтілуде.
Еске салсақ, Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан