Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола алды

Семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

13 жылдан кейін семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасының шешуші күнінде сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарыстың жеңімпаздары белгілі болды.

Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған командамыз қола жүлде үшін таласта Сингапур құрамасынан 42:39 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін сапы жаттығуынан 2013 жылы ғана аруларымыз қола жүлде еншілеген еді.

Жарыс барысында отандастарымыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен жеңіп, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға жол берген болатын.

Бұған дейін Азия чемпионатында сапы сайысынан командалық сайыстан ерлер құрамасы, әйелдер арасынан Ирина Бакалдина алтын жүлде, Руслан Курбанов қола жүлде және қылыш сайысында ерлер құрамасы қола жүлде иеленген еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан