Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Польшадағы әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Польшадағы әлем кубогы кезеңіне қатысады

Фото: Қазақстан ҰОК

Халықаралық құзға өрмелеу федерациясы Краковта (Польша) өтетін әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасының өтініміне сегіз спортшы енді.

Краковтағы ірі халықаралық жарыста Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Рашид Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Тамара Олжабаева, Анна Баларшина және Арина Новицкая ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, қазақстандық құзға өрмелеушілер жекелей сындарда да, эстафеталық жарыстарда да бақ сынайды.

Әлем кубогының кезеңі 3-5 шілде аралығында өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан