2 күн бұрын
Шавкат Рахмонов 2026 жылы октагонға оралмайды
Бұл туралы оның командаласы Асу Алмабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Бір залда жаттығамыз. Қазір Шавкаттың денсаулығына байланысты мәселелері бар, ем қабылдап жатыр. Егер жарақаттарын толық емдеп шықса, келесі жылы қайта оралуы мүмкін», – деді Алмабаев MMA.Metaratings.ru арнасына берген сұхбатында
Соңғы рет отандасымыз 2024 жылдың желтоқсан айында Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жек өткізген еді.
Еске салсақ, Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов 27 маусымда Бакуде өтетін турнирге қатысады. Алайда бұл жолы ол жекпе-жек өткізбейді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан