3 сағат бұрын
Екатерина Пузырева жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: Қазақстан ҰОК
Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы жарыс күні қазақстандық атлет Екатерина Пузырева 100 метрге жүгіруде сынға түсті. Бірінші айналымда отандасымыз 12.31 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, жетінші орынмен финалға жолдама алды.
Айта кетейік, аталған дисциплинада финалдық кезең Астана уақытымен 19:35-те басталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан