Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтылыққа кірді

Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтылыққа кірді

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады.

Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.

Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды - 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды - 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді - 2:10.20.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан