10 сағат бұрын
Ертең Оңтүстік Кореяда таеквондодан командалық әлем кубогы басталады
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Онтүстік Кореяның Чунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогының ерлер құрамалары арасындағы жарыстың жеребесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жарыс 14 шілде күні басталады.
Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Марокко командасына қарсы сынға түседі.
Ширек финал жұптары:
Оңтүстік Корея – жеңімпаз (Индонезия– Ресей)
Қазақстан – Марокко
Қытай – Үндістан
Таиланд – Иран
Қазақстан құрамасының сапында Мақсат Орынбасар
Абдурахмон Марипов, Әнуар Мұхаметкарымов, Батырхан Кусетов бар.
Жарыс: 14 шілде
Басталу уақыты: Қазақстан уақытымен таңғы 06:00.
Еске салсақ, бұдан бұрын Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан