Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы (U19) Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы (U19) Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы (U19) Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ватерполшылардың алғашқы қарсыласы Гонконг құрамасы болды. Кездесудің барлық төрт кезеңінде отандастарымыз айқын басымдық танытып, ойынды толық бақылауда ұстады. Қорытынды есеп – 23:3.

Ертең Қазақстан құрамасы Шри-Ланкамен кездеседі. Жалпы, жарысқа құрлықтың 12 командасы қатысып, олар екі топқа бөлінген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астана халықаралық әуежайында Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup 2026 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның ерлер құрамасын салтанатты түрде қарсы алды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан