Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді 

Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді 

Фото: Қазақстан ҰОК

22-24 шілде аралығында Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді ,деп хабарлайды Sport12.kz

Ел біріншілігіне Қазақстанның 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысады. Үш күн бойы ерлер мен әйелдер арасында 48 жеке бағдарлама бойынша, сондай-ақ, 4×100 және 4×400 метрлік аралас эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады.

Жарыс жолына Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары шығады. Олардың қатарында Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мұхитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және басқа да спортшылар бар.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталады.

Айта кетейік, жарыстар Қазақ ұлттық спорт университетінің стадионында өтеді. Ал лақтыру дисциплиналары бойынша жүлделер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінің секторларында сарапқа салынады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан